Тоқаев: Азаматтарды вакциналау шығындарын мемлекет көтереді

0
2 202

Мемлекет басшысы вакцина пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы екенін атап өтті.


Тоқаев: Азаматтарды вакциналау шығындарын мемлекет көтереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацияның басталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді", - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысы вакцина пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы екенін атап өтті.

"Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын", - деді президент.