Тоқаев БАҚ өкілдерін марапаттады: Президент сыйлығын кім алды

0
632

28 маусымда Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің күні аталып өтеді.


Тоқаев БАҚ өкілдерін марапаттады: Президент сыйлығын кім алды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар, гранттар беру және президент алғысын жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

БАҚ саласындағы мына қызметкерлерге сыйлық табысталды:
- Ұлттық радионың дамуына қосқан үлесі үшін "Qazaq radiosy" радиостанциясының бас редакторы Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына;
- Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін "31 арна" телерадиокомпаниясының тілшісі Көпжасарұлы Ерқанатқа;
- Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық қолдауға қосқан үлесі үшін "Индустриальная Караганда" газетінің бас редакторы Мягких Оксана Вячеславовнаға;
- Қазақстан журналистикасын және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының директоры Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына.
Мына азаматтар президент грантын алады:
- Аймақтық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін "Жетісу" телеарнасының редакторы Сәния Байтарова;
- Еліміздегі телевидениенің дамуына қосқан үлесі үшін "Almaty" телерадиокомпаниясының арнайы техникасының операторы Диаскен Бәйтібаев;
- Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты түсіндіргені және жариялағаны үшін "Хабар 24" телеарнасының жүргізушісі Әнуарбек Бримжанов;
- Интернет кеңістігінде ақпараттық қамтуды дамытуға қосқан үлесі үшін "Baigenews.kz" ақпарат агенттігінің тілшісі Жадыра Жолмұхаметова.
Президенттің алғыс хатын алатындар:
- Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін қамтитын ақпараттық-талдау қызметі үшін "Adyrna" ұлттық порталының шығармашылық тобы;
- қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ashyq alań" қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымы;
- отандық радионы дамытуға қосқан үлесі үшін "Astana" радиосының шығармашылық ұжымына;
- баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін "Вечерняя Астана" қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы.
Бұл марапат Қазақстанда 28 маусымда аталып өтетін БАҚ қызметкерлері күніне орай табысталады.