​Тоқаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіру уақытын жылжытуды тапсырды

0
1 679

Ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің айлығын 30 пайызға өсіруді тапсырған.


​Тоқаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіру уақытын жылжытуды тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Үкіметке бюджеттік салада төмен жалақы алатындардың жалақысын көтеруді 1 шілдеден 1 маусымға ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің өміріне әсерін тигізеді", - деп жазған Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің айлығын 30 пайызға өсіруді тапсырған. Бұл шараға 2019-2021 жылдарға 980 миллиард теңге бөлінеді. Оған қоса Тұңғыш Президент аудандардағы, облыстардағы атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың жалақысын орташа есеппен 25 пайызға өсіруді тапсырған.