Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады

0
995

Осыдан бірер күн бұрын Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.


Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға коронавирустан тезірек сауығып шығуын тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды президент Twitter-де.


Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы парламент депутаты болды. Мәжілістің баспасөз қызметі одан өзге депутаттардың ешбірі вирус жұқтырмағанын жариялаған.