Тоқаев ЕО Президентін туған күнімен құттықтады

0
898

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның сайланған Президентіне мол табыс пен сәттілік тіледі.


Тоқаев ЕО Президентін туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссияның сайланған Президенті Урсула фон дер Ляйенді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Еуропалық Одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен өзінің іргетасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырып, халықаралық аренадағы мерейін арттыру жолында биік белестерді бағындырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігін білдірген.

«Қазіргі таңда өңірдің тұрақты ілгерілеуі мен өркендеуі үшін Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы неғұрлым берік байланыстардың жаңа дәуіріне жол ашуда. Алдағы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында достық негізінде қалыптасқан жемісті қатынастардың одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін», – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның сайланған Президентіне мол табыс пен сәттілік тіледі.