Тоқаев кейбір шенеуніктердің жұмысын сынға алды

0
466

Ол премьер-министрге олардың қызметіне қатысты ұстанымды қайта қарауды, кадрлық құрамына баға беруді тапсырды.


Тоқаев кейбір шенеуніктердің жұмысын сынға алды

ERNUR.KZ. Президент цифрландыру ісіне жауапты вице-министрлер жұмысының нәтижелілігін сынға алды, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, олардың басты міндеті - күнделікті бюрократиялық жұмыс емес, цифрлық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыру.

Осыған байланысты президент жыл соңына дейін цифрландыруға жауапты әрбір вице-министр үшін нақты KPI әзірлеуді талап етті.

Премьер-министрге олардың қызметіне қатысты ұстанымды қайта қарауды, кадрлық құрамына баға беруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бизнес-қоғамдастық атсалыспай, жалпымемлекеттік "цифрлық серпіліс" жасау мүмкін емес. Ал компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі олардың цифрландырылу деңгейімен анықталады.

"Siemens" компаниясының бағалауы бойынша, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 процентінде автоматтандыру деңгейі өте төмен, яғни Индустрия 2.0 деңгейінде. Біз Индустрия 4.0 дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Оның талаптарына тұжырымдамалық жағынан да, практикалық тұрғыдан да нақты әрі лайықты жауап беру керек", - деді мемлекет басшысы Digital Bridge форумында.

Ол цифрлық шешімдерді қолдаудың тиімді құралдарын, ең алдымен, өңдеу секторында кеңейту қажет деген ойда.