Тоқаев көлік жүргізушілерін қуантатын жаңалықты жеткізді

0
597

Сондай-ақ, президент қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құру қажеттігін жеткізді.


Тоқаев көлік жүргізушілерін қуантатын жаңалықты жеткізді

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік жүргізушілеріне автобусқа арналған жолақпен жүруге рұқсат берілуі мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

"Қала ішінде автомобиль ағынын сауатты ұйымдастыру маңызды мәселенің бірі саналады. Осыған байланысты үкімет пен әкімдерге автобустарға арналған жолақтарды қарбалас болмаған кезде және демалыс күндері пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын. Мұндай тәжірибе Мәскеу, Стамбул мен Парижде кеңінен қолданылады", - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Сондай-ақ, президент қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құру қажеттігін жеткізді.

"Орталықтар осы саладағы құзіретті органдардың жұмысын үйлестіреді. Бұдан бөлек, халықтың арыз-шағымы мен ұсынысын қарайды. Мысалы, жол белгілерін орнату, істемей тұрған бағдаршамдар мәселесі және тағысын тағы", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Үкімет бұл мәселені де әкімдермен пысықтап, әрбір аймақта көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруға тиіс.