Тоқаев Назарбаевтың президентікке бірнеше кандидатты қарастырғанын айтты

0
799

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда биліктің ауысуы үш жыл бойы қаралғанын айтты.


Тоқаев Назарбаевтың президентікке бірнеше кандидатты қарастырғанын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұрагері болуға бірнеше кандидатты қарастырған болатын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей" телеарнасына берген сұқбатында, деп жазады sputniknews.kz.

"Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде өзі айтқандай, бұл мәселені біраз уақыт бойы қарастырған. Құпияны ашар болсам, үш жыл бойы талқыланды. Ол басқа кандидаттарды да қарастырғанын жасырған жоқ. Бірақ 19 наурызда Қазақстандағы биліктің тізгінін қолға алу маған бұйырды", - деді Тоқаев.

Қазақстан президентінің пікірінше, халықаралық қауымдастық Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы туралы шешіміне жоғары баға берді.

"Түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, ол мүлдем басқа жолды таңдады. Президент лауазымын өмір бойы иеленбек дегендер де болды", - дейді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Келесі күні сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде ант қабылдады.