Тоқаев Отан қорғаушылар монументіне гүл шоғын қойды

0
1 494

Тоқаев Отан қорғаушылар монументіне гүл шоғын қойып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Тоқаев Отан қорғаушылар монументіне гүл шоғын қойды

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп жазады Baq.kz.

Мемлекет басшысы елордадағы монумент алдындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. Жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсімге Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты. Бұған қоса премьер-министр Асқар Мамин, Сенат спикері Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов, депутаттар, елшілер мен басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Шараға келгендер де Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.