Тоқаев Польшалық Polpharma компаниясының өкілімен кездесті

0
826

Бұл компания еліміздегі фармацевтика саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда.


Тоқаев Польшалық Polpharma компаниясының өкілімен кездесті

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшалық Polpharma компаниясының бақылау кеңесінің төрағасын қабылдады, деп жазады baq.kz.

"Польшалық Polpharma компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак Қазақстанда дәрі-дәрмек шығару жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру туралы ақпарат берді. Бұл компания еліміздегі фармацевтика саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда" - деп жазды ол өз парақшасында.