Тоқаев президенттікке кандидат ретінде құжаттарын тапсырды

0
1 044

«Nur Otan Партиясы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынды.


Тоқаев президенттікке кандидат ретінде құжаттарын тапсырды

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Nur Otan Партиясы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мынадай құжаттарын ұсынды:

    1. «Nur Otan Партиясы» Қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

    2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

    3. Өмірбаяндық деректері;

    4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

    5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    6. Жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

    7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

    Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 23 сәуірге тағайындалды»,- делінген ресми сайттағы хабарламада.