Тоқаев Путинді елімізге ресми сапармен келуге шақырды

0
636

Президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.


Тоқаев Путинді елімізге ресми сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар Президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.