Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлеcті

0
1 076

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.​


Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлеcті

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.