Тоқаев: Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек

0
2 231

Бұл елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді.


Тоқаев: Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін өзгерту керегін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады.
Сондай-ақ, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді", – деді Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында.