Тоқаев шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

0
526

Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады.


Тоқаев шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Президент Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.