Тоқаев: Шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек

0
994

Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды.


Тоқаев: Шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек

Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды. Әрине, біздің жұмысшыларымыз білім деңгейі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын жоғары талаптарға сай келе ме деген сұрақ - басты мәселе екені түсінікті», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент білікті мамандарды еш алаламай, лайықты жалақысын төлеу керектігін де жеткізді.

«Қалғанын оқытып, үйретіп, қажет деңгейге жеткізуіміз керек»- деді Мемлекет басшысы.