Тоқаев штабы Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлаушылармен кездесті

0
1 331

Кездесуге жиналғандар сайлауалды бағдарламаның барлық қағидаларымен танысты.


Тоқаев штабы Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлаушылармен кездесті

ERNUR.KZ. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалық қоғамдық штаб өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлаушылармен кездесті, деп жазады ҚазАқпарат.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында негізделген басты қағидаттар - сабақтастық, әділдік пен ілгерілеу туралы елордалық штаб мүшесі, «Астана-Қамқор» компаниясының директоры Тимур Оразақов «ЭКОТОН+» АҚ қызметкерлерімен кездесу барысында сөз етті. Сенімді өкілдер сондай-ақ, кездесуге жиналғандарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек жолының маңызды кезеңдерімен таныстырды.

Одан басқа, кездесуге жиналғандар сайлауалды бағдарламаның барлық қағидаларымен танысты, ел өмірінің барлық саласында күтілетін өзгерістер туралы айтты. Өз кезегінде зауыт жұмысшылары да кандидатты қолдап, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, үгіт-насихат науқаны шеңберінде сенімді өкілдер Ұлттық мұражай қызметкерлерімен де кездесті. Олар кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үміткердің биографиясына басымдық берді.

Кездесу соңында сенімді өкілдер барша қауымды алдағы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды және дауыс бере отырып, әр азамат ел тағдырын таңдайтынын еске салды.