Тоқаев спикер Мәулен Әшімбаев туралы ойын айтты

0
919

Президент Әшімбаев мемлекет қызметінің қыр-сырын жетік меңгергенін атап өтті.


Тоқаев спикер Мәулен Әшімбаев туралы ойын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты таныстырып, оған қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президент Әшімбаев мемлекет қызметінің қыр-сырын жетік меңгергенін, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді жұмыс атқарғанын атап өтті.

"Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын сенат төрағалығына лайықты деп санаймын", - деді Тоқаев сенаттың бүгінгі отырысында.

Осы орайда президент сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаеваның жұмысына да өз бағасын берді.

"Өздеріңізге мәлім, менің жарлығыммен сенат депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Ол Сенат төрағасы ретінде бір жылдан астам белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Сол үшін Дариға Нұрсұлтанқызына ризашылығымды білдірдім", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды.