Тоқаев сынаған санитар департамент басшысы болды

0
583

Сәдуақас Байғабылов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған.


Тоқаев сынаған санитар департамент басшысы болды

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып Сәдуақас Байғабылов тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Коллективке жаңа басшыны Павлодар облысының әкімінің орынбасары Асхат Оралов таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасары жиналғандарды бүгінгі таңдағы аймақтағы денсаулық сақтаудың жай-күйімен қысқаша хабардар етті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерге баса назар аудара отырып, жақын арадағы міндеттерге тоқталды.

Атай кетейік, Сәдуақас Байғабылов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған.

2019 жылдың 8 қазанында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімдігінде өткен жиында Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін "астаналықтардың әлеуметтік желілердегі шағымдарына дер кезінде жауап қайтармайды" деп сынаған еді.

Ол содан кейін өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

БАҚ-қа, ақпарат агенттіктеріне, журналистерге, тілшілерге, телеарналарға бірлесіп белсенді жұмыс атқарғанымыз үшін алғыс айтамын. Facebook әлеуметтік желісіндегі "Астана, хочу похвастать/пожаловаться" және "Астана - Что? Где? Когда?" топтарына, сондай-ақ елорда тұрғындарына Сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі департаментінің атына жазылған шағымдары мен ыстық лебіздері үшін рақмет айтамын, – деп жазған болатын С. Байғабылов Фейсбуктегі парақшасында.