Тоқаев Тараз қаласының әкімін жұмыстан босатуды бұйырды

0
1 166

Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті.


Тоқаев Тараз қаласының әкімін жұмыстан босатуды бұйырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таразда 12 жастағы оқушы қызды мектеп дәретханасында зорлаған сұмдық жағдайдан кейін Жамбыл облысының әкіміне Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында мәлімдеді.

"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - деп жазады Президент.