Тоқаев ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тіледі

0
1 293

Бүгін еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсырып жатыр.


Тоқаев ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

"Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Түлектерге сәттілік тілеймін!" - делінген Президент жазбасында.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсырып жатыр. Тест тапсыруға келген түлектер қатарында ұялы телефонды қолдануға әрекет жасаушылар көп. Ал ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болатынын да оқырман назарына ұсынған болатынбыз.