Тоқаев: Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті

0
496

Президент Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты.


Тоқаев: Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасына жазды.
Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр, - деді ол.
Президент Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты.
Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары, - деп жазды Президент.

Ол барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру екенін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, - деп жазды Тоқаев.