Тоқаев Ұлттық банк басшысының орынбасарын тағайындады

0
541

Ақорда тиісті жарлықты жариялады.


Тоқаев Ұлттық банк басшысының орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Данияр Валерьевич Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін мемлекет басшысы Вагаповты президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметінен босатқан болатын.

Ал бүгін мемлекет басшысы Данияр Вагаповты ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне тағайынау туралы жарлыққа қол қойған.



Данияр Вагапов 1977 жылы 6 маусымда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетінің заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Әр жылдары қаржы министрлігінде және көлік министрлігінде құқықтық сараптама департаментінің маманы болды.

Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, 2002-2003 жылдары - премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің азаматтық және экономикалық заңнама секторының меңгерушісі. Коммерциялық ұйымдарда тәжірибесі бар.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігі басшысының орынбасары. 2008 жылдан бастап 2013 жылғы қыркүйекке дейін - «Нұр Отан» ХДП-ның заң бөлімінің бастығы, орталық аппараты басшысының орынбасары.

2014 жылғы тамыздан 2018 жылғы мамырға дейін - Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2018 жылдың мамырында мемлекет басшысының өкімімен ол президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Ұлттық банкті Ерболат Досаев басқарады, оның төрт орынбасары бар - Есжан Біртанов, Ақылжан Баймағамбетов, Дина Галиева, Әлия Молдабекова.