Тоқаев: Ұлттық қор - баламасы жоқ институт, басқасына рұқсат жоқ

0
775

Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.


Тоқаев: Ұлттық қор - баламасы жоқ институт, басқасына рұқсат жоқ

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың баламасы жоқ институт екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұлттық қордың баламасы жоқ институт екенін атап өткім келеді. Қосымша қандай да бір қор құруға болмайды және оған рұқсат жоқ. Меніңше, бұл міндет үкіметке де, ұлттық қорға да және қайта құрылған агенттікте де жүктеледі. Ұлттық қор - өзіндік бірыңғай институт", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.