Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

0
611

Президент қиын кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.


Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев ел мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.