Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

0
334

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.


Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін", - деп жазды Тоқаев Instagram-да.

Еске салайық, бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.