Тоқаев "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды

0
2 823

Президент Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды.


Тоқаев

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тағы бір өзекті мәселе ретінде экология саласын атады, деп жазады zakon.kz.

Оны Президент халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала санайды.

"Бірақ біздегі ахуал ойдағыдай деп айтуға болмайды. Сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48 пайызы ғана экологиялық жағдайға көңіліміз толады деп жауап берген. Осыған орай, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл – жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп дайындалған жүйелі әрі кешенді құжат. Сондай-ақ кодекс озық халықаралық стандарттарға сай келеді. Экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға арналған тиімді бағдарламаларды жүзеге асырған жағдайда кәсіпорындар өндірістік қалдық үшін алынатын төлемнен босатылады. Үкімет және қоғам осы жұмыстың уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс", – деді Тоқаев.

Президент Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды.

"Менің тапсырмаммен 2 миллиард түп ағаш отырғызылады. Бұл азаматтарымыздың тарапынан кең қолдау тапқан бастама болды. Жалпы, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Қоршаған ортаға ешқандай оң әсері жоқ, қаражатты құр игеруді көздейтін жасанды шараларға жол бермеу қажет. Сондықтан ағаш отырғызуға лайықты орындарды анықтау үшін ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, кәсіби талдау жүргізген жөн. Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырамын. Әсіресе, қоршаған ортаны қорғау ісіне қажетті барлық көрсеткіштерді цифрландыру – маңызды міндеттердің бірі", - деді ол.