​Тоқаев желіде Ресейдегі Қазақстан елшісі Тасмағанбетовпен түскен фотосын жариялады

0
1 666

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльдегі келіссөзден кейін түскен суретімен бөлісті.


​Тоқаев желіде Ресейдегі Қазақстан елшісі Тасмағанбетовпен түскен фотосын жариялады

Президент Twitter парақшасында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов және президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен бірге түскен суретпен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ фотодан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов пен президент көмекшісі Тимур Сүлейменовті көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге іс-сапарға барған болатын. Бұл – президент лауазымындағы оның алғашқы шетелдік сапары. Қазақстан президенті Владимир Путинмен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Дереккөз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасы.