Тоқаевты «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

0
358

Жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.


Тоқаевты «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды. Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Еске салсақ, жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Кеше ҚР Президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.