Тоқаевтың ғылыми кеңесшісі тыңшы деген күдікпен ұсталды

0
1 497

Ол 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері жұмысын атқарған.


Тоқаевтың ғылыми кеңесшісі тыңшы деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. Танымал қытайшы Константин Сыроежкин тұтқындалды деп жазады Qamshy.kz.

"Қазақстандағы арнайы жасақтың көмегімен танымал политолог К.Л Сыроежкин ұсталды. Ол бірнеше жыл бойы Қазақстандағы Қытайды зерттеп жүрген жетекші маман ретінде саналып келген еді. Сондай-ақ Константин Сыроежкин докторлық диссертациясын жазған Тоқаевқа ғылыми кеңесші болған. Тексеріс барысында, Сыроежкин тыңшы деген күдікпен ұсталды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Тоқаев 2001 жылы Мәскеу қаласы Ресейдің Дипломатиялық академиясының өзекті және халықаралық проблемалары институтында докторлық диссертациясын қорғады.

Сыроежкин кім?

1956 жылы 19 маусымда Алматы қаласында туған. Әкесі - Сыроежкин Лев Андреевич, зейнеткер, «Қазақ селден қорғау» аймақтық бөлімшесінің бас инженері болған. «ҚХР-дағы жұмысшы табының саяси релі (1949-1957 жылдары): қалыптасу мәселелері» (1992), «Қытайдағы қазақтар: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму очерктері» (1994), «ҚХР-дағы этникааралық қатынастарды жүйелі реттеу: теория және тәжірибе» (1997), «Қазіргі замандық Синьцзян және оның қазақстан-қытай қатынастарында алатын орыны» (1997), «ҚКП ұлттық саясаты тұжырымдамасының қалыптасу эволюциясы және негізгі мазмұны» (1998), «ҚХР-дағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс: теория және тәжірибе» (1998), «Қытайдағы этникалық сепаратизмнің аңызы мен шындығы және Орталық Азия қауіпсіздігі» (2003), «Қазіргізамандық Қытай мәселелері және Орталық Азия қауіпсіздігі» (2006), «Қытай: әскери қауіпсіздік» (2008), «Қазақстан-Қытай: шекаралас ынтымақтастықтан нысаналас серіктестікке» (үш кітапта, 2010) кітаптарының; 500-ден астам ғылыми мақаланың авторы.