Тоқалы барлар жеңіп кетті (видео)

0
2 058

ERNUR.KZ. «Бір әйел алғандар» мен «екі әйел алғандар» арқан тартысып күш сынасқан сәті жазып алған видео әлеуметтік желіде таралды.


Тоқалы барлар жеңіп кетті (видео)

ERNUR.KZ. «Бір әйел алғандар» мен «екі әйел алғандар» арқан тартысып күш сынасқан сәті жазып алған видео әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбада бұл арқан тартыс Жетісай жерінде өткені айтылады.

«Жетісай жамағаты... Арқан тарту болып жатыр. Бір келіншегі барлар – оң жақта, сары жіпте. Жасыл жіптегілер – екі әйелі барлар», - деп хабарлап тұр бейнежазбаның иесі.

Тартыс аз уақытта қызу өтіп, оған айналадағы көрермендер қолдау көрсетіп жатқаны анық байқалады. Жарыс мәресіне жеткенде жазба иесі: «Міне, «тоқал» жамағаты бірінші алды», - деп түйіндейді.

Бейнежазба әзіл үшін түсірілген болуы мүмкін.

Видео әлеуметтік желіден алынды