​Төрт бала суға ағып кетті

0
1 739

Қаза тапқан балалар 9, 12 және екеуі 11 жаста болған.


​Төрт бала суға ағып кетті

фото today.kz

Құтқарушылар Нұра-Есіл каналынан төрт баланың денесін тапқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушыларға 24 маусым күні Нұра-Есіл каналының аңғарында, Пригородный кентінің аймағында балалардың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген. Іздеу жұмыстары бүгін, 25 маусымда өз нәтижесін берді.

«Таңертең, 5 сағат 17 минутта «Пригородный» тұрғын үй алабының аумағында, Нұра-Есіл каналынан балалардың денесі табылды», - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.

Қаза тапқан балалар 9, 12 және екеуі 11 жаста болған.

Ведомствода нақтылағандай, олар 24 маусымда шомылуға арналмаған жерде суға ағып кеткен. Балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған.

Руслан Иманқұловтың ақпараты бойынша, әрі қарай тергеуді полиция жүргізеді.