Төтенше жағдайлар: Кредиттік мәселелерге қатысты жедел желі іске қосылды

0
1 324

2020 жылғы 23 наурызда "Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы" Агенттік басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 қаулысының күшіне енгенін еске саламыз.


Төтенше жағдайлар: Кредиттік мәселелерге қатысты жедел желі іске қосылды

ERNUR.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнес үшін жедел желіні іске қосты, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың борыш жүктемесінің өсуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай кезеңінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың және онлайн-кредиторлардың қарыз алушыларына қолдау көрсету шаралары бойынша жедел желіні іске қосты – делінген агенттік таратқан ақпаратта.


Қаржы нарығы субъектілерінің іс-қимылдарына өтініштер мен өтінімдерді www.finreg.kz сайтындағы кері байланыс арқылы немесе TAL@finreg.kz, Fingramota@finreg.kz электрондық поштасына жіберуге болады

2020 жылғы 23 наурызда "Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы" Агенттік басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 қаулысының күшіне енгенін еске саламыз.

Жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122.