Трансформаторға шығып кеткен: Қонаевта ер адамды ток соғып, аурханаға түсті

0
551

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған.


Трансформаторға шығып кеткен: Қонаевта ер адамды ток соғып, аурханаға түсті

ERNUR.KZ. Қонаевта ер адамды ток соғып, ауруханаға түсті. Ол трансформатор дүңгіршегіне шығып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

"Бүгін күндіз сағат 11:30-да Қонаевта Сейфуллин көшесімен төмен қарай бір ер адам трансформаторға шығып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр", - делінген жергілікті pro_konaev Instagram-паблигінде.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның денесін күйік шалған.

"23 желтоқсанда сағат 11:20-да Қонаевтағы көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне 42 жастағы ер адам электр тоғы жарақатымен түскен. Дененің күйік шалған аймағы - 45 пайыз", - деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатыр.