Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкерінің соты басталды

0
1 007

Сот отырысы жабық өтіп жатыр.


Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкерінің соты басталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында атышулы трансгендер Виктория Берікқожаеваны зорлады деп айыпталған азаматқа қатысты сот басталды. Айыпталушы орындығында - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері. Жәбірленуші оның тиісті жазасын алғанын қалайды, деп хабарлайды ktk.kz.

- Жабық сотта болған оқиғалар жайында жіс жармау туралы қолхатқа қол қоюдан бас тарттым. Өзіме қатысты жағдайды не себепті жасырып қалуым керек? Кінәлі адамның айыбын мойындап, жазаға тартылғанын қалаймын, - дейді жәбірленуші Виктория Берікқожаева.

Жарты жыл бұрын Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер «қорлық көрдім» деп шағымданған. Ол өзін білдей Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің ұятты әрекетке мәжбүрлегенін айтқан. Кейін күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілді. Виктория Берікқожаеваның өзі де қазір абақтыда. Ол 2017 жылы Жауғашты түрмесіне бопсалау бабы бойынша айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Зорлау әрекеті сол түрмеде болыпты. Ал қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне «зорлады» және «азаптады» деген екі бап бойынша айып тағылған.

- Әбдіқаш Сәни Сатыбалдыұлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, осы жерде, Іле ауданында жұмыс істеген. 121-ші баптың 2-ші бөлімі, 146 баптың 2-ші бөлімімен айып тағылып отыр. Бүгін сот басталды, -деді В. Берікқожаеваның адвокаты Айман Омарова.