​Тұрсынбек Қабатов Астанада ашылатын жаңа театрға жетекшілік етпек

0
3 657

Биыл елордада жаңа сатира және әзіл театры ашылады.


​Тұрсынбек Қабатов Астанада ашылатын жаңа театрға жетекшілік етпек

иллюстрациялық фото: today.kz

Биыл елордада жаңа сатира және әзіл театры ашылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды, ERNUR.KZ. Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Елорданың мәдени өміріндегі тағы бір маңызды жаңалық ЭКСПО көрме кешенінің «Энергия холл» ғимаратында жаңа сатира және әзіл театрының ашылуы болмақ. Аталған театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болады», - деді Ә.Исекешев.

Бұған қоса, қала басшысы Астанада бірқатар мәдени нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Елбасының тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласында қазақ драма театрының жаңа ғимараты бой көтеруде. Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек қасиетті орындарды сақтау мақсатында бірқатар тарихи-мәдени орындарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Олар «Мәңгілік ел» триумфалдық арксы, «Бәйтерек монументі», орыс акадамиялық драма театрының ғимараты, «Атамекен» қазақстан картасы этномемориалдық кешені». Өткен жылы бұл нысандарды аралаған қонақтардың саны 600 мыңнан асты», – деді елорда әкімі.