​Цеснабанк директорлар кеңесіне жаңа төраға тағайындалды

0
1 410

"Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қайрат Сатылғанов тағайындалды.


​Цеснабанк директорлар кеңесіне жаңа төраға тағайындалды

ERNUR.KZ. "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қайрат Сатылғанов тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Астана) өзінің Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы Биржаға хабарлады", - делінген KASE хабарламасында.

"Цесна Капитал" АҚ сайтының мәліметіне сәйкес, Қайрат Сатылғанов 2013 жылы 24 сәуірден директорлар кеңесінің құрамында екені көрсетілген.

2015 жылы наурызда ол тәуелсіз директор - "Финансовый Холдинг "Цесна" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2014 жылы 31 мамырда - директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры - "Цесна Капитал" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2013 жылы 8 қаңтар - 2018 жылы ақпанға дейін - "Roxi Petroleum Kazakhstan" ЖШС бас қаржы директоры.

Осыған дейін, ол "HSBC Қазақстан банкі" АҚ, "Банк Kassa Nova", "Қазақстан Халық банкі" АҚҚ, "Фирма "Алмэкс" ЖШС, "АТФ Банк", Алматы сауда-қаржы банкі, Әлем Банк Қазақстан және Банк Туран Әлем. ҚР СІМ жүйесінде және КСРО Ішкіэкономбанкте жұмыс істеген.