Цифрландыру министрі Интернет ұстау үшін шатырға шыққан балаға қатысты түсінік берді

0
622

Біз бүкіл республика бойынша интернетті бірден қамтамасыз ете алмайтынымыз түсінікті, дейді министр.


Цифрландыру министрі Интернет ұстау үшін шатырға шыққан балаға қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Интернетті ұстау үшін телефонымен шатырға шыққан бала оқиғасын министрлік зерттеген. Сөйтсе бұл жағдай Ескене ауылында болған, бірақ, негізінен ондағы балалар мектептен білім алуы керек, - деді ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, деп жазады zakon.kz.


- Кейбір әлеуметтік желілерде ауылда интернет болмағаннан ел үйдің төбесіне шығуда деген ақпарат тараған. Біз бүкіл республика бойынша интернетті бірден қамтамасыз ете алмайтынымыз түсінікті. Бұл нақты жағдай Ескене ауылында болған (Атырау облысы - шамамен), ол ауылда тұратын халық саны өте аз, - деді Мусин.

Оның айтуынша, үйінің шатырына мінген оқушы жақын жерде орналасқан мектеп-интернатта оқуы керек еді. Ал ол арада онлайн оқу жоқ, барлық оқушы қалыпты режимде білім алады.

- Онда барлық балалар әдеттегі тәсілмен оқиды, тек бірнеше адам бас тартқан. Бұл ауылда барлығы 20 үй бар. Біз осындай фактілер анықталған кезде әлсіз Интернет сигналын тіркеуге мүмкіндік беретін "Байланыс" сайтына кіруді ұсынғымыз келді. Сайтқа кіріп, фактіні тіркеңіз, сонда біз белгілі бір елді-мекенде проблемалар бар екенін біліп, соған сай шара қолданамыз, - дейді министр.