Цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдері үшін айыппұл салынады

0
422

Қағаз акциздік маркалардың күші жойылуына байланысты биылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатыны белгілі.


Цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдері үшін айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдері үшін айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қағаз акциздік маркалардың күші жойылуына байланысты биылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатыны белгілі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-бабына, яғни «акциздік маркалар» терминін «сәйкестендіру құралдарына» ауыстыру туралы өзгеріс 13 шілдеден бастап күшіне енді. Айта кетсек, 11 шілде күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі (сигареттер, сигариллалар, сигаралар, стиктер, кальян темекісі және т.б.) бекітілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, темекі өнімдерінің айналымы сәйкестендіру құралдарымен ғана мүмкін болады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті енді темекі өнімдерінің барлық түрлерінде цифрлық таңбалаудың (сәйкестендіру құралдарының) болмағаны үшін органдар тарапынан тәркілене отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Жыл басынан бастап ел аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылмақ болған темекі өнімдерінің 22,5 млн қорабы анықталып, тәркіленген. Мәселен, Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім еткендей, Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн қораптан астам темекіні контрабандалық жолмен әкелуге тырысқандар анықталды. Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы – 1,2 млрд теңге деп бағаланды.