Цой дәрігерлерді қазақша құттықтады

0
434

Министр медицина қызметкерлеріне еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оларға және отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.


Цой дәрігерлерді қазақша құттықтады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптестерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. Айта кетейік, ведомство басшысы қазақ тілінде сөйледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Алексей Цойдың құттықтауы "Қазақстан" телеарнасының эфирінен шықты. Құттықтаудың үзіндісін Цой Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Министр медицина қызметкерлеріне еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оларға және отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.


Цой орыс тілінде де құттықтау видеосын түсірген.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан аса дәрігер, 185 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Күн сайын елімізде 2 мыңнан астам операция жасалады, мыңнан аса бала дүниеге келеді, 18 мыңға жуық жедел медициналық жәрдем шақырулары қабылданады.