Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады

0
601

Министрдің айтуынша алдағы уақытта індет жұқтырғандар саны азаяды.


Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясы бойынша қараша айына дейін жаңарған эпидемиологиялық болжамды ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.

"Реалистік сценарий кезінде қыркүйекте 5300 адамға дейін, қазан айында 1800 адамға дейін тіркеледі. Ал оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте аурушаңдық тәулігіне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.

Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.