Туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген

0
1 069

2016 жылы түрмеден шыққан. Кәмелетке толмаған 2002 жылғы қызымен бірге туған әпкесінің үйінде тұрып келген.


Туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген

фото gorod55.ru

Қостанайда мас ер адам туған қызын оны тыңдамағандықтан пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 14-бөлігі 2-тармағы ("Адам өлтiру", көрінеу кәмелетке толмаған адамды) бойынша қозғалған қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен.

Соттың мәліметінше, ер адам 2016 жылы түрмеден шыққан. Кәмелетке толмаған 2002 жылғы қызымен бірге туған әпкесінің үйінде тұрып келген.

"2018 жылдың наурызында ер адам мас күйде қызы оны тыңдамай кеткендіктен үйде жанжал шығарып, оған бірнеше рет пышақ салған. Нәтижесінде қыз сол жерде көз жұмған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.