«Түбіртекті талап ет те – жүлде ұтып ал!»: Акцияға қатысып, көлік ұтуға болады

0
1 413

Акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады.


«Түбіртекті талап ет те – жүлде ұтып ал!»: Акцияға қатысып, көлік ұтуға болады

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен акция өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» атты жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделер мен бас жүлдеге автокөлік тігілген.


Азаматтарға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік бередтін бұл акция жылдағыдай «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, оған онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу арқылы тауарды сатып алғанын немесе қызметті тұтынғанын растай алған ҚР азаматтары қатыса алады.


Атап айтсақ, чекті жіберген қатысушы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын жедел сыйлықтар кезеңінен 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, барлық жіберілген чектер жылдың соңында ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде акцияның бас жүлдесі – автокөлік үшін өтетін ұтыс ойынына қатысады. Онда ұтыс жеңімпазы чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Әрбір қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.


Айта кетейік, бұл акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасай алады.