Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды

0
765

Өлген балықтар 185 келіні құрады, олар әртүрлі мөңке балықтары болған.


Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-ге 2019 жылғы 20 тамыз күні таңертең жергілікті маңызы бар резервтік су айдыны - Тұлымбай көлінде балықтардың қырылуы туралы ақпарат түсті. Сол күні инспекция, Табиғат ресурстар басқармасы және Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға болған жерге барды. Су айдынының жағалауы тексерілді. Өлген балықтар 185 келіні құрады, олар әртүрлі мөңке балықтары», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Экология департаменті, ветериналық қызмет, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігінің сапасын бақылау басқармасының мамандары санитарлық-химиялық анализдер мен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен өлген балықтардың сынамасын алды. Жергілікті әкімдік өлген балықтарды жинап, көзін жойды.

«Балықтардың қырылу себептері туралы ақпарат лабораториялық зерттеулердің қорытындысы алынғаннан кейін хабарланады», - деді Самал Ибраева.