Тұрғын үй ауласынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

0
1 157

Дәрігерлер оның бас-ми жарақатын алғанын айтуда


Тұрғын үй ауласынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Степногорск қаласының тұрғындары ауласынан жаңа туған нәрестенің өлі денесін тауып алған. Олар бірден полицияға хабар беріп, сәбидің анасын іздеу жұмыстары басталып кеткен деп хабарлайды nur.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз бөлімі мәлім еткендей, полиция қызметкерлері нәрестені қалдырып кеткен 26 жастағы әйел екенін анықтаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 100 бабына сәйкес жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Әзірге белгілісі, 22 қазан күні әйел құрсақтағы жеті айлық қызын шала туып қояды. Содан кейін оны көрші үйдің кіреберісіне тастап кеткен.

Сәбиді таңертең зейнеткер тауып алыпты. Дәрігерлер оның бас-ми жарақатын алғанын айтуда.