​Тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

0
1 276

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.


​Тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

фото go29.news

Қостанай облысында жанып жатқан тұрғын үйден 2 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін Ұзынкөл ауданында болған.
«Сағат 04:00-де Бауман ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады. Тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 06:30 шамасында сөндірілді. Өрт сөндірушілер, жанып жатқан үйден 2 газ баллонын оқшаулады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне.

Алдын ала болжам, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.