"Тұрғындарға байланысты": Алматыда жаңа жылдық кештердің қалай өтетіні белгілі болды

0
457

​Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай нашарласа, Ashyq жүйесіндегі нысандардың жұмыс режиміне қатысты карантиндік талаптар күшейтіледі.


ERNUR.KZ. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қалада жаңа жылдық корпоративтер туралы сұраққа жауап берді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, қазір қолданыстағы карантиндік талаптарға сәйкес Алматыда Ashyq жүйесіне тіркелген орындарда "жаңа жылдық корпоратив кештерін" өткізуге тыйым салынбайды, алайда шектеулер бар.

Келушілер мен мекеме қызметкерлерінің Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы болуы шарт. Сондай-ақ шектеулер Алматының жаңа жылдық мереке қарсаңында коронавирустың таралуы бойынша "жасыл", "сары", "қызыл" аймақта болуына қарай белгіленеді:

  • "жасыл" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 100 орыннан көп емес;
  • "сары" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 70 орыннан көп емес;
  • "қызыл" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 50 орыннан көп емес.

"Алматы қаласының "жасыл" аймақа тұрақты болуы ең алдымен мегаполис тұрғындарына байланысты – коронавирусқа қарсы белсенді түрде вакцина салдыру, маска тағу режимі мен арақашықтықты сақтау", - деді Байғабылов.

Оның сөзінше, Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай нашарласа, Ashyq жүйесіндегі нысандардың жұмыс режиміне қатысты карантиндік талаптар күшейтіледі, соның ішінде жаңа жылдық отырыстар мен басқа да іс-шараларды өткізуге қатысты шаралар күшейтіледі.

Айта кетері, Алматыда 22 қарашадан бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Қала 14 қарашада "жасыл" аймаққа өтті.

Кейінгі тәулікте қалада 105 адамнан коронавирус табылды.