Түрікменстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады

0
552

Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты.


Түрікменстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Ашғабаттағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», – делінген Берік Уәлидің жазбасында.