Туризм саласында тұңғыш ұлттық конкурс жарияланды

0
1 371

Байқау еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау мақсатында жарияланды


Туризм саласында тұңғыш ұлттық конкурс жарияланды

ERNUR.KZ. «NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» конкурсына өтінім 10 қарашаға дейін қабылданады, деп жазады Baq.kz.

Туризм саласындағы ұлттық байқау сала индустриясын дамытудағы жетістіктері үшін берілетін марапат ретінде тағайындалды. Мақсаты - еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау. Сондай-ақ, салаға инвестиция тарту мен туристік өнімдердің бірыңғай ақпараттық базасын құру. Байқауға қатысуға туризм саласына қатысты ұйымдар мен оның өкілдері шақырылады. 17 арнайы және 2 қосымша номинациядан тұратын байқауға өтінім 2018 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады, ал 19-28 қараша аралығында онлайн дауыс беру жүргізіледі.

Марапаттау рәсімі осы жылдың 8 желтоқсанында Астанада өтеді.

«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» байқауының номинациялары: - «Жылдың үздік жобасы» (фестивальдер, байқаулар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған); - «Үздік туристік компания»; - «Шетелдік туристер үшін үздік туристік өнім»; - «Отандық туристер үшін үздік туристік өнім»; - «Үздік гид-экскурсия жүргізушісі»; - «Үздік бизнес қонақ үй»; - «Туристер үшін үздік қонақ үй» (ұсынылатын қызметтер тізіміне сәйкес); - «Үздік аймақтық қонақ үй»; - «Үздік шипажай» (қызмет көрсетуі, тазалығы, қызметкерлер құрамы); - «Үздік хостел»; - «Балалар мен жастарға арналған үздік туристік жоба»; - «Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын іске асырылмаған); - «Туризм туралы үздік Instagram парақша»; - «Жылдың Travel фотографы»; - «Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»; - «Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»; - «Туризм бойынша үздік интернет жоба». Қосымша номинациялар: - «Туризмге қосқан үлесі үшін»; - «Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін».

Байқауға өтінім мен оған қатысты толық мәліметті www.tourismawards.kz сайтынан білуге болады.