ТҮРКІСТАН: Есірткіні үй ішіне еккен азамат ұсталды

0
828

Оған қоса бөлмеден марихуанаға ұқсас кептірілмеген өсімдік теп табылған.


ТҮРКІСТАН: Есірткіні үй ішіне еккен азамат ұсталды

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғыннан өзіне жақын таныс емес азаматтың заңсыз есірткі егумен айналысатыны жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аудандық полицейлер келіп түскен ақпаратты анықтап, тексеру үшін көрсетілген мекен-жайға шұғыл жетеді. Тәртіп сақшылары тұрғынның үйін тінту кезінде оның үйі мен сарайының ішінен есірткі затына ұқсас өзіне тән хош иісі бар, өсіруге тыйым салынған, күтіп-бапталған өсімдіктер тапты.

Күдікке ілінген ер адам бұрын сотты болған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Нақтырақ айтсақ, тұрғынның үйінен 5 түп есірткі өсімдігіне ұқсас өсімдік тәркіленіп алынды. Сондай-ақ бөлмеден марихуанаға ұқсас кептірілмеген өсімдік алынды. Оған қоса күдікті тұрғынның үйінен 2 литрлі 24 дана шыны банкіде есірткі затына ұқсас заттар және үй ішінде өсірілетін өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған 3 дана құрылғылар алынды. Сараптама тағайындалды.
Осылайша, зерттеуге ұсынылған 5 түп өсімдік «Сора» болып шықты.
Салмағы 1,6 келіден асады. Ал, бөлмеден алынған өсімдік салмағы 16 граммнан астам «кептірілген марихуана» болып шықты.
Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, күдікті өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.